Баспасөз-релиздері

"ДАМУ" компаниясының өкілі денсаулық сақтауды цифрландыру туралы митап өткізеді

Таяу болашақта қазақстандық медицина толығымен цифрлық құжаттамаға көшеді. Бұл ауысудың перспективалары мен артықшылықтары қандай? Бұл туралы 2 желтоқсан күні митапта ЖШС "ДАМУ" ақпараттық технологиялар орталығы"  басқармасының төрайымы Наталья Киль айтып береді.

Денсаулық сақтауды цифрландыру - медициналық көмектің қолжетімділігін, тиімділігін, сапасы мен қауіпсіздігін арттыруға бағытталған денсаулық сақтаудың медициналық және әкімшілік-басқару процестерін трансформациялау үшін цифрлық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазір мұндай жоспарларды жүзеге асыру үшін көптеген жаңа бастамалар енгізілуде.

Өз сөзінде Наталья денсаулық сақтауды цифрландырудың тарихы мен тәжірибесін талдайды, негізгі трендтерді түсінуді, денсаулық сақтауды цифрландыруды дамыту перспективаларын және Damumed цифрлық платформасының мүмкіндіктерін қарастырады. Сондай-ақ спикер жаңа медициналық SaaS нарығының тууы, цифрлық медициналық экожүйе және не себептен цифрлық платформалар үшін жақсы уақыт екенін айтады.

Митап емханалар мен басқа да медициналық мекемелердің өкілдеріне де, денсаулық сақтау саласы үшін цифрлық платформалар құруға мүдделі әзірлеушілерге де пайдалы болады. Митап тегін өткізіледі, офлайн және онлайн қатысуға болады. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 4 желтоқсан, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС