Баспасөз-релиздері

IT-хабта сату бөлімінің жұмысы туралы митап өткізілді

Тиімді сату бөлімі кез-келген бизнес үшін сәттіліктің жартысы деп айтуға болады. 10 маусым күні ІТ-хабта Clockster компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Даурен Базилов сөз сөйледі. Спикер сату және клиенттермен қалай байланыс орнату керектігін айтты

"Сату дегеніміз - тауарды немесе қызметті ақшаға айырбастау емес. Бұл әлеуетті клиенттің бір нәрсеге немесе біреуге қатысты пікірінің өзгеруі", - деп Даурен презентацияны бастады.

Оның айтуынша, біз менеджер жалдаған кезде немесе өзіміз бірдеңе сатуға барғанда, бізге компанияға, өнімге және өзімізге (менеджерге) сенімділік керек . Мұндай сенім тәжірибемен келеді - жүздеген сәтсіздіктер, мыңдаған "жоқ" сөзі және дәлелденген қарсылықтар арқылы.

Сату айналымы 6 кезеңге бөлінеді: дайындық, бірінші жанасу, қарсылықтар, сату, келісімшартқа қол қою, сатудан кейінгі кезең. Дайындық кезеңінде менеджер мақсатты аудиторияға талдау жасайды - оларға қажетті нәрсені анықтау арқылы және оның өнімі немесе қызметі арқылы шешім қабылдау. Бірінші жанасу кезінде сіз клиентті тыңдап, ол туралы ақпарат жинауыңыз керек. Дұрыс құрылған диалог компания мен клиенттер туралы мысалдармен, сондай-ақ өнім сипаттамасымен баяндауды қамтиды. Әрі қарай спикер қарсылықтардың ең көп таралған түрлерімен қалай жұмыс істеу керектігін айтып, менеджерлерге жауаптардың мысалдарын келтірді.

Қатысушылар сату әдістері, сатушылардың түрлері және клиенттермен диалогта сұрақтарды қалай дұрыс қою керектігі туралы білді. Соңында Даурен аудиторияның сұрақтарына жауап беріп, презентацияны қорытындылады

https://www.youtube.com/watch?v=_v11XJt7ipE сілтемесі арқылы митап жазбасы көруге қол жетімді.

Қашан: 10 маусым
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая Долина” ЖШС.