Митапта компаниялардағы рекрутингтің маңыздылығы туралы айтылды
2023-09-20 13:47
Human Resources - бұл жұмысқа қабылдауды, компания қызметкерлерінің жұмысын және адамдармен қарым-қатынасты қамтитын міндеттердің үлкен бағыты. Қазақстандағы Тинькофф әзірлеу орталығының рекрутері Мария Бережная HR-менеджерлердің кім екенін және олардың рекрутерлерден қалай ерекшеленетінін айтты.
HR-менеджерлері команда мен компанияны одан әрі дамыту үшін адамдарды ынталандырады, байланыстырады, ұйымдастырады және кездесулер өткізеді. Ал рекрутерлер болса үміткерді жалдау кезінде іріктеу және бағалаумен айналысады, сонымен қатар, олар алғашқы іріктеуді және үміткерлермен сұхбат жүргізеді. Мария рекрутер өзінің мансабында қандай позицияларға дейін өсе алатынын атап өтті, ол: команда тимлиді, жалдау бөлімінің бастығы, HR, бренд менеджері, мансап бойынша кеңесші, сонымен қатар, Hard және Soft skills-ті дамыта алады. Сондай-ақ, ол қалай рекрутер болуды, пайдалы дереккөздерді қайдан табуға болатындығы және рекрутинг қай бағытта дамып жатқандығы туралы айтты.
Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы. Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС