Владислав Данкевич Kubernetes әзірлеудегі пайдасы туралы дәріс оқыды
2023-02-20 17:36
Kubernetes контейнерге негізделген инфрақұрылымды өндірістік ортаға толығымен енгізуге ғана емес, сонымен қатар оған сенуге де көмектеседі. Жүйе, оның негізгі абстракциялары және әзірлеушіге арналған пайдалы құралдар туралы толығырақ DataArt-тағы Senior Software Engineer Владислав Данкевич дәрісте айтып берді.
Спикер өз сөзін өзі туралы және мемлекеттік қызметте жұмыс істегеннен кейін IT-ге қалай келгені туралы әңгімеден бастады. Содан кейін ол Kubernetes-тің не екенін айтып, қосымшалардың абстракцияларын талдады: Deployment, ReplicaSet, Pods, соның ішінде нақты код мысалында. Владислав егер бұрын әзірлеуші көп нәрсені қолмен жасауы керек болса, қазір Kubernetes бұрын өзі шешуі керек тапсырмалардың көп бөлігін өз мойнына алатынын атап өтті.
Сондай-ақ қатысушылар абстракция қызметтерінің не екенін, LoadBalancer қалай жұмыс істейтінін және Ingress қандай функцияларды орындайтынын білді. Дәріс соңында спикер бастаушы әзірлеушілерге бірнеше кеңестер беріп, аудиторияның сұрақтарына жауап берді.
Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.
Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы". Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.