Баспасөз-релиздері

Flutter қосымшасының деплойы туралы техникалық директор айтып береді

CI/CD қосымшаны әзірлеуді, тестілеуді және орналастыруды біріктіреді. Қазіргі уақытта DevOps-бағдарламашылары CI/CD-ді барлық тапсырмалар үшін қолдануға тырысады. 5 тамызда IT-хабта митап өткізіледі, ол жерде СІ/CD тәжірибелері арқылы Flutter-де қосымшасының деплойын қалай іске қосу керектігін айтады. Қатысу барлық ниет білдірушілер үшін тегін.

Шақырылған спикер Алматыдағы сарапшы СТО Алексей Коржавин болады. Ол Flutter-ді қолданудың артықшылықтарын талдайды және TestFlight-та қосымшаларды жариялау барысында туындайтын мәселелерді шешуді ұсынады. Митапта спикер DevOps дегеніміз не, автоматтандырудың артықшылықтары және CI/CD туралы айтады. Сондай-ақ, ол қосымшаны "қолдарыңызбен" қалай орналастыруды, алғашқы пайплайнды қалай жазуды, соның ішінде App Store Connect және Google Play Console-да деплой туралы бөліседі.

Алексей инфрақұрылымды баптауды, құрастыру және қол қою үшін жеке адамға тәуелділікті жоюдың ықтимал нұсқаларын қарастырады, Flutter негізіндегі қосымшаларды орналастыру процесін жеңілдету және жеделдету үшін пайдалы ресурстар мен нұсқаулармен бөліседі. Баяндама мобильді әзірлеушілер мен DevOps инженерлеріне қатысу пайдалы болады. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 5 тамыз, 16:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.