Баспасөз-релиздері

"Терриконовая Долина" тегін "Стартап мектебін" курсын бастайды

"Стартап мектебі" - бұл авторлық оқыту, ол жерде бастаушы стартаптар өз идеяларын нөлден бастап табысты пайда әкелетін бизнеске айналдыруды үйренеді. Курс тегін өткізіледі, соңында қатысушылар сертификаттармен марапатталады.

"Стартап мектебінің" спикері - акселерациялық және инкубациялық бағдарламалардың трекері, "KOMPRA" ЖШС талдаушысы Николай Тян болады. Екі күндік оқу барысында ол қатысушылармен идеяны таңдағанда не іздеу керектігін, клиенттің портретін және оның мәселелерін қалай анықтау керектігін, құндылық ұсынысын қалай тұжырымдау керектігін және нарық көлемін анықтайды. Сондай-ақ Николай клиенттерді зерттеу әдістері мен гипотезаларды жылдам тексеру туралы айтады.

Оқыту бастаушы стартаптарға, студенттерге, жоғары сынып оқушыларына пайдалы болады. Курс офлайн және онлайн форматта өтеді. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/startup

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 18-19 наурыз, 10:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12


Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС