Кирилл роликті жасаудың әр кезеңін аудиториямен егжей-тегжейлі бөліседі:
- идеяларды қалай құруға болады
- раскадировканың мәні неде
- референстерді қайдан іздеу керек
- аниматикті қалай құруға болады
- орынды іздеу: қайда, қалай және немен негіздеуге болады
- дұрыс жабдықты қалай таңдауға болады
- модельдерді қайдан іздеу керек және кастингті қалай жүргізу керек туралы айтылады.
Біз жаңадан бастаушы видеомейкерлерді, операторларды, контент-менеджерлерді, SMM-мамандарын және бейне құру процесіне қызығушылық танытқандарды шақырамыз. Сіз офлайн, сондай-ақ Webex Meetings платформасы арқылы онлайн қатыса аласыз. Ең белсенді қатысушыны ұйымдастырушылардан сыйлық күтеді.
Сілтеме бойынша тіркеле аласыз: https://terricon.kz/kz/marketing
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 11 мамыр, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.