Баспасөз-релиздері

“Терриконовая долинада” жаңа Growthhack Акселератордың легі басталады

Қарағанды қаласында стартаптарды жылдам дамытуға және масштабтауға дайындайтын қарқынды білім беру бағдарламасы - Growthhack Акселератор жаңа легі дайындалуда. 27 қаңтар мен 20 сәуір аралығында қатысушылар өздерінің бизнес-стратегияларын қайта қарастырудан бастап инвестициялық аренаға шығуға дейінгі жолдан өтеді.

Growthhack Акселератор - бұл жай ғана оқыту емес, жеке өсу және бизнесті нығайту жүйесі. Практикалық құралдар, менторлық қолдау және нақты инвестициялық мүмкіндіктерге қол жеткізу басты назарда.

Қатысушыларды не күтеді:

  • Трекерлермен және сарапшылармен жеке сессиялар, олардың барысында жобаларға терең аудит жүргізіледі және масштабтау стратегиясы құрылады.
  • Стартапты - дамудың негізгі бағыттары бойынша практикалық воркшоптар: маркетинг, сатылым, қаржы, өнімді және команданы басқару.
  • Инфрақұрылымға қол жетімділік: кеңсе кеңістігі, ІТ-хаб ресурстары, сондай-ақ тәлімгерлердің белсенді қауымдастығы.
  • Demo Day-да қатысушылар әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге жобаларды ұсынатын соңғы қадам. Бұл тек қаржыландыруды ғана емес, дамудың жаңа кезеңіне шығуға мүмкіндік.

Қатысуға масштабтауға, нарықты кеңейтуге және тұрақты бизнес-модель құруға дайын жұмыс істейтін өнімі бар командалар шақырылады. Сілтеме бойынша тіркелу: https://terricon.kz/ru/accelerator

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 27 қаңтар - 20 сәуір

Өткізілетін орны: "Терриконовая долина" ІТ-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12

Форматы: офлайн/онлайн