Баспасөз-релиздері

Митапта сізге мобильді қосымшалардан қалай ақша табуға болатынын айтады

Күн сайын нарықта жүздеген мобильді қосымшалар шығарылады: кейбіреулері танымал болып, әзірлеушіге табыс әкеледі, ал басқалары тек аз адамдар шеңберінде қолданылады және тез ұмытылып қалады. Назар аударатын және пайда әкелетін өнімді қалай жасауға болады? 21 ақпанда IT-хабта "Мобильді қосымшаларда бизнесті қалай құруға және алғашқы миллион доллар қалай табуға болады" тақырыбында митап өтеді.

Спикер Астана қаласындағы TargetAI-да коммерциялық директор Дмитрий Панченко болады. Сарапшы GameDev-те мансап құру кезеңдері және клиенттерге арналған қосымшаларды құруды неден бастау керектігі туралы айтып береді.

Митапа бағдарламасында келесі тақырыптарды талдаймыз: GameDev дегеніміз не және салада жұмыс істеу неден тұрады; Apple, Google мобильді өнімдеріне арналған негізгі платформалармен жұмысты қалай құруға болады; Facebook, Applovin, AdMob трафик бойынша серіктестермен жұмысты қалай құруға болады; Business Development: серіктестерді қайда және қалай іздеу керек.

Мобильді қосымшаларды жасаушыларға, өнім маркетологтарына және B2C нарығына қызығушылық танытқандарға митапқа келуді ұсынамыз. қатысу тегін, сіз офлайн немесе онлайн қосыла аласыз. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 21 ақпан, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12


Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС