Баспасөз-релиздері

IT-хабта ЭҚЖ енгізу туралы митап өтті

Тиімді жүйені қалай таңдап және маңыздысын жіберіп алмауға болады? Бұл туралы 22 сәуірде өткен митапта Wooppay компаниясының HR-менеджерлері Асем Садубаева мен Мадина Шинибекова айтып берді. Олар ЭҚЖ талдау тәжірибесімен бөлісіп, енгізу бойынша ұсыныстар берді.

"Біздің компанияда жеті басқарушы директор бар, штатта - 150 адам жұмыс істейді. Шексіз қағазбастылықтан, құжаттарды поштамен жіберуден, ұзақ келісуден аулақ болу үшін біз электронды құжат айналымына көшуді шештік", - деп түсіндірді Асем.

Мадина, өз кезегінде, ЭҚЖ енгізудің кемшіліктеріне жүйенің компанияда толықтай қолданылып кетуіне, ұқсас платформасы бар контрагенттердің болмауына кепілдіктің болмауы, сонымен қатар реконструкциялауға, процестерді интеграциялауға, пайдаланушыларды қайта оқытуға, аппараттық қамтамасыз етуге және техникалық қолдауға арналған уақыт пен шығындар жататынын атап өтті. Дегенмен артықшылықтары бар, олар өнімділіктіғ артуы, сақтау сенімділігі және қателердің азаюы, ағымдағы құжаттарға жедел қол жеткізу, ішкі өзара әрекеттесуді жақсарту болып табылады. Спикерлер электрондық құжаттама жүйесін таңдау кезінде қауіпсіздікті, өнімнің өзін немесе платформаны, интеграцияны, мобильдік, ЭЦҚ арқылы қол қою мүмкіндігін, бюджет пен құнын маңызды факторларға жатқызды.

"Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін маңызды сәттердің бірі ол құжаттарға қалай қарайтынымыз, оларға кім қол жеткізе алатыны туралы регламент. Егер бұл ереже бар болса, оны электронды нұсқаға оңай ауыстыруға болады", - деді Мадина.

Спикерлер ЭҚЖ таңдауына әсер ететін әрбір фактор туралы егжей-тегжейлі айтып берді және оны аудиториямен бірге талқылады. Сондай-ақ, олар электрондық құжат айналымының әртүрлі платформаларын талдау негізінде жеке таңдаған және әрқайсысының артықшылықтарын сипаттайтын жүйелер тізімін берді.

Митап соңында Асем және Мадина қатысушылармен ЭҚЖ жеткізушілерінің барлық шарттары мен прайс каталогымен бөлісті.

Митап жазбасын берілген сілтеме арқылы көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=-0Wld0IfKmU 

Қашан: 22 сәуір
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Дорошенко, Карабанов и партнеры” ЖШС.