Баспасөз-релиздері

Delivery Manager стартаперлерге арналған митап өткізеді

Lean Canvas - бұл стартаптың бизнес үлгісін немесе жаңа өнімді сипаттау және талқылаудың құралы болып табылады. Оның көмегімен сіз өзіңіздің өніміңіз туралы барлық болжамдарды жинап, олардың ішіндегі ең қауіптісін анықтай аласыз. 10 қыркүйек күні біз "Идеядан нарыққа шығуға дейін. Lean Sanvas және барлығы" тақырыбында митап өткіземіз, ол жерде біз стартаптың өміршеңдігін тексеру үшін осы әдіснаманы талдаймыз.

Спикер - АлматыдағыTinkoff-тегі Senior Delivery Manager Евгений Адамов болады. Өз сөзінде ол өз өнімі бойынша Lean Canvas-ты қалай толтыру керектігін, Lean Canvas-пен өсу нүктелерін қалай анықтау керектігін, Design thinking және басқа құралдар туралы айтады. Соңында аудиториямен "сұрақ-жауап" сессиясы өтеді.

Митап стартаперлерге, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, студенттерге және өз өнімін шығарғысы келетіндерге пайдалы болады. Қатысу тегін, тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/business

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 10 қыркүйек, 18:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.