Баспасөз-релиздері

GROWTHHACK АКСЕЛЕРАТОР 10 маусымда басталады

"Терриконовая долина" Акселераторы - бұл бизнесті дамытуға көмектесетін авторлық бағдарлама. 9 апта ішінде кәсіпкерлер трекерлермен бірге оқиды, сараптамалық кеңестер мен сессиялардан өтеді. Бағдарлама қорытындысы бойынша қатысушылар өз бизнесінің пайдасын 10-15%-ға арттыруға кепілдік алады.

Оқу бағдарламасында маркетингтік стратегиядан бастап сыртқы нарықтарға шығуға дейінгі әртүрлі тақырыптар бойынша көптеген воркшоптар қарастырылған. Сондай-ақ, қатысушылар бизнесті дамыту мәселелері бойынша халықаралық мамандармен жұмыс істеуге, команданың құзыреттерін дамытуға арналған құралдарға және клиенттерді тарту мақсатында өз өнімі мен құндылық ұсынысын дайындауға мүмкіндік алады.

Бағдарламаның финалы - Демо-күн, ол жерде кәсіпкерлер әлеуетті инвесторлар алдында нәтижелерімен бөліседі. Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізген қатысушылар 25 миллион теңгеге дейінгі мөлшерде инвестиция алуға үміткер бола алады. Ал Акселератордың серіктесі Yandex Cloud Boost командалардың бірін Яндекс Облако сервистерін пайдалануға 2,4 миллион теңге грантпен марапаттайды.

Бағдарламаға қатысу тегін.Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/accelerator

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 10 маусым-11 тамыз
Өткізілетін орны: "Терриконовая долина" ІТ-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн/онлайн

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы;"Терриконовая долина" ЖШС.