Станислав бұл жұмысты жеңілдетуге, қателерді іздеуге уақытты үнемдеуге және кодты нақты құжаттауға мүмкіндік беретін юнит-тестілеу өткізу екеніне сенімді. Сондықтан әзірлеушілер үшін бұл құралды меңгеру және оны кодты жасау процесінде қолдану өте маңызды.
Митапта спикер бастаушы бағдарламашылар не себептен юнит-тестілеуді ұнатпайтынын, юнит-тестілеудің маңыздылығы неде екенін және mindset-ті қалай ауыстырып, тестілеу объективі арқылы өз кодтары туралы ойлауды талдайды. Сондай-ақ ол тестілеуді мүмкіндігінше тиімді ету және аудиторияның сұрақтарына жауап беру туралы өз ұсыныстарын береді.
Біз IT-мамандықтарында оқитын студенттерді, жаңадан бастаушыларды, кодты тестілеу мәдениетіне үйренбеген project-менеджерлері мен әзірлеушілерін қатысуға шақырамыз. Митап тегін өткізіледі, сіз офлайн немесе онлайн флрматында қосыла аласыз. https://terricon.kz/ru/it сілтемесі бойынша тіркеле аласыз.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 27 қыркүйек, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС