"Кемелденген маман болу үшін сіз бірнеше нәрсені үйренуіңіз керек: міндетттердің бизнес-тұжырымдамасымен жұмыс істеу, бизнес-тапсырмаларды әзірлеу тапсырмаларына бөлу, көрші командалармен, іргелес сараптама жасаушылармен келіссөздер жүргізу және бизнес үшін өз жұмысының қажеттіліктері мен құндылығын түсіну", - деп бөлісті Глеб.
Спикер алдымен заттардың қалай жұмыс істейтіні туралы техникалық мәліметтерді түсіну арқылы ойлауды "төмен деңгейге" дамыту керек екенін түсіндірді. Содан кейін ғана "жоғары деңгейге", ол жерде бизнес, команда және т.б. деген не екенін түсіну қажет.
Глеб техникалық мамандықтар туралы және "технярларға" неге келіссөздер жүргізіп, командада жұмыс істей білуі, өзін-өзі таныстыру дағдысы болуы керек екендігі туралы айтып берді.
Сондай-ақ ол өзінің мансабын қалай құрғаны, неден бастағаны және қандай қателіктер жібергені туралы бөлісті. Глеб джунның дамуына қандай факторлар ықпал ететінін және одан әрі арттыру үшін не істеу керектігін түсіндірді. Митап соңында спикер аудиторияның сұрақтарына жауап беріп, жаңа бастаушы мамандарға келесі жұмыс үшін бағыт пен саланы таңдауда бірнеше кеңестер берді.
Қашан: 20 маусым
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.
Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая Долина” ЖШС.