Баспасөз-релиздері

IT-хабта 3D модельдеу бойынша оқыту өтеді

2024-06-19 13:34
3D модельдеу әртүрлі салаларда қолданылады: ғимараттар мен интерьерді визуализациялау, жарнама және маркетинг, анимация, өнеркәсіп және өндіріс. 22 маусым күні IT-хабта "Халықаралық жарыс тәжірибесінде 3D модельдеу" тақырыбында ағылшын тілінде оқыту өтеді, ол жерде спикер салада жұмыс істеу үшін негізгі ерекшеліктер мен қажетті дағдылар туралы талдайды.

Спикер ретінде NU Shell Eco Marathon Team Leader-і Олжабаев Әділ сөз сөйлейді. Ол 3D модельдеу мен SolidWorks-ке кіріспе жасайды, тұжырымдамалық модель құру процесін, дизайнды талдау мен оңтайландыруды талдайды. Сондай-ақ, спикер 3D модельдеу бойынша халықаралық жарысқа қатысудың өз тәжірибесімен бөліседі және Shell Eco Marathon қатысушыларының дайын модельдеріне шолу жасайды.

IТ-мамандықтарында оқып жүрген студенттерді және әзірлеушілерді шақырамыз. Қатысу тегін, тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 22 маусым, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая долина" ІТ-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн/онлайн

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы;"Терриконовая долина" ЖШС.