28 қараша күні IT-hub «Терриконовая долина» алаңында Неконференция x DataArt өтті, бұл шара өңірдегі IT қауымдастығы үшін маңызды оқиғаға айналды. Іс-шара заманауи IT индустриясының процестері мен трендтерін практикалық тұрғыдан түсінуге қызығушылық танытқан мамандар мен жаңа бастаған кәсіпқойларды біріктірді.
Баяндамалар барысында инженерлік практикаларды дамыту, IT саласында мансап құру жолдары, кадрларды даярлау ерекшеліктері, сондай-ақ цифрлық өнімдерге қойылатын қазіргі заманғы қауіпсіздік талаптары талқыланды. Ерекше назар қосымшаларды қорғауға жасанды интеллекттің әсері мен қолдау қызметтеріндегі автоматизацияны қолдану тақырыптарына аударылды.
Қатысушылар білім беру бастамаларының кадрлық әлеуетті қалыптастырудағы маңыздылығын да атап өтті. Бизнес пен IT-школалардың тығыз өзара әрекеті нарықтағы қажеттіліктерді уақытында жабуға және кәсіби өсудің тұрақты экожүйесін құруға септігін тигізетіні ерекше айтылды.
Мазмұнды бағдарламадан бөлек, Неконференция кәсіби нетворкинг мүмкіндіктерін де қамтамасыз етті. DataArtспикерлері аудиториямен белсенді қарым-қатынас жасап, сұрақтарға жауап беріп, тақырыптардың практикалық аспектілерін талқылады. Гибридті формат арқасында іс-шараға қатысу мүмкіндігі тек Қарағанды қаласының ғана емес, басқа өңірлердегі қатысушыларға да ашылды.