Графикалық дизайнер болу үшін композицияның негіздерін түсіну, түстермен жұмыс істеу, типография (мәтінді безендіру өнері) сияқты дағдыларға ие болу керек. Веб-интерфейстерді, қаптамаларды, фотосуреттерді, бейнелерді жасау тәжірибесі де пайдалы болады.
Митапта қатысушылар графикалық дизайнердің не істейтінін, осы салада қалай дамитынын, клиенттерді қайдан іздеу керектігін, сондай-ақ әлеуметтік желілерге арналған дизайнның не екенін біледі. Спикер Digital-агенттікте және фриланстағы жұмыс тәжірибесі туралы айтып береді, өз жұмыстарының мысалдарымен бөліседі және жаңадан бастаушыларға бірнеше кеңестер береді.
Митап жаңадан бастаушы графикалық дизайнерлерге, студенттерге, SMM-мамандарына, сонымен қатар өзін және сүйікті ісін іздеп жүргендерге пайдалы болады. Сіз офлайн, сондай-ақ Webex Meetings платформасы арқылы онлайн қатыса аласыз.
Сілтеме бойынша тіркеле аласыз: https://terricon.kz/kz/marketing
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 16 мамыр, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.