Баспасөз-релиздері

FinTech Hackathon жобасының басталуын жариялаймыз!

Хакатон - бұл командалар қысқа мерзім ішінде өнеркәсіп пен қызметтерді цифрландыру саласында жаңа жоба әзірлейтін байқау. Үздік прототиптерді жасаушылар өз жобаларын дамытуға 500 000, 300 000 және 200 000 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар, сондай-ақ серіктестер мен демеушілердің атынан сыйлықтар алады.

Байқау қаржы саласындағы аймақтағы ең ірі конференция - "Astana Finance Days"-ке орайластырылған. Ал жобаның ақпараттық серіктесі - "Астана" халықаралық қаржы орталығы.

FinTech Hackathon үш күнде өткізуге қарастарылған. Бірінші күні әр команда прототипті одан әрі дамыту үшін берілген кейстердің бірін таңдауы керек:

1 Теңгерімнен СМС-төлем ғана бар қалаларда QR-төлем жасау
2 Төлем/реверс/қайтарым жүргізу үшін жеке кабинетті құра отырып, WSA-мен интеграция жасау
3 Чат боттар, веб-порталдар және басқа арналар арқылы карталардың жедел  алдын-ала төленген әдісін жасау қажет.
4 Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардың кірістерін есепке алу, талдау және/немесе болжау сервисін жасау. 

Байқау бағдарламасы командамен бірге идеяларды пысықтауды, трекерлермен және техникалық сарапшылармен күнделікті кездесулерді және финалда жобаларды қорғауды қамтиды. Шақырылған трекерлердің арасында кәсіпкерлер, бизнес иелері және жетекші IT-мамандары бар.

Негізгі жүлделі орындардан бөлек әрбір серіктестерден қатысушыларға сыйлықтар дайындады. Командалар VISA, Wooppay, Halyk Finservice, inDriver, Kcell және Яндекс компанияларынан жүлделерін алу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар Хакатон аясында VISA өзінің қосымша API тестілеу конкурсын өткізеді.

https://terricon.kz/ru/hackathon  өтінімдерді қабылдау берілген сілтеме бойынша.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 24-26 маусым.
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС