19 тамыз күні “Терриконовая долина” IT-хабында өнімді әзірлеудің түрлі кезеңдерінде жасанды интеллектті (AI) қолдануға арналған қазақ тіліндегі оқыту дәрісі өтеді. Спикер - Алпамыс Мақажан, Turan Telematika компаниясының әзірлеу бөлімінің жетекшісі. Ол өзінің практикалық тәжірибесімен бөлісіп, AI құралдарын жобаға енгізудің негізгі тәсілдерін, идеядан бастап масштабтауға дейінгі жолды жан-жақты талдайды.
Дәріс барысында қатысушылар мына сұрақтарға жауап алады: өнімге AI шынымен қажет пе және оны қалай анықтау керектігін, жасанды интеллектке нақты әрі дұрыс тапсырманы қалай қою қажет, мысалы: деректерді классификациялау, контент генерациясы немесе болжау жасау. Сонымен қатар, келесі тақырыптар талқыланады: қандай құралдар мен модельдерді таңдау тиімді - дайын шешімдер ме, open-source жобалар ма, әлде өзіндік архитектура, дұрыс API таңдау және архитектура құру, UX пен AI арасындағы өзара байланыс, модельдерді шақыру және pipeline құру ерекшеліктері
Іс-шара стартаперлерге, кәсіпкерлерге, өнім менеджерлеріне және заманауи технологияларды бизнеске енгізуге қызығатын студенттерге арналған. Қатысу тегін, тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.