Баспасөз-релиздері

Риск-менеджері бизнеске инвестицияларды тарту туралы айтып береді

Инвестиция - бұл бизнесті бастауға, оны дамудың алғашқы кезеңінде немесе жаңа бағытты бастау кезінде қолдауға көмектесетін сыртқы қаржыландыру. 30 қазан күні IT-хабта митап өтеді, олжерде қаржыландыру көзін таңдау, бизнестің құнын бағалау және инвесторды қалай қызықтыру туралы айтылады.

Инвестордың басты міндеті-ақша салу, бірақ сонымен бірге олардың құнсыздануына жол бермеу және болашақта осы салымнан кіріс алу. Қаржыландыруды тартқысы келетін бизнес иелері, ең алдымен, инвесторлардың қызығушылығын ескеруі керек.

КАҚ "Сбербанк" риск-менеджері Максим Гудименко митап спикері болады. Ол инвестицияларды тартудың барлық аспектілерін, соның ішінде қаржылық модель құруды, ағындарды дисконттауды, NPV есептеуді, бизнестің кірістілігін және EBITDA есептеуді, бизнестің құнын бағалауды және инвестор үшін оның кірістілігін есептеуді талдайды.

Максим артықшылықтарды түсіндіре отырып, қаржыландыру көздеріне шолу жасайды, сондай-ақ шығындарға несиені қалай салу керектігін айтады. Митап соңында қатысушылармен "сұрақ-жауап" сессиясы өтеді.

Кәсіпкерлерді, экономикалық бағытында оқып жүрген студенттерді және қаржыгерлерді қатысуға шақырамыз. Митап тегін өткізіледі, сіз офлайн немесе WebEx Meetings платформасы арқылы онлайн форматында тыңдай аласыз.

Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/business 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 30 қазан, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС