Баспасөз-релиздері

Хабта сөйлесу клубының кезекті кездесуі өтті

2026-07-27 11:03
Terricon Valley алаңында “Must-Have Apps for Modern Life” тақырыбына арналған кезекті Speaking Club кездесуі өтті. Қатысушылар күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған заманауи цифрлық құралдар туралы әңгімелесіп, өзекті тақырыпты талқылау барысында ағылшын тілінде сөйлеу дағдыларын жетілдірді.

Кездесуді ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Гульмира Садыкова жүргізді. Қатысушылармен бірге ол білім алуға және өзін-өзі дамытуға арналған қосымшаларды, тапсырмаларды жоспарлау мен өнімділікті арттыруға арналған сервистерді, сондай-ақ жұмыс үдерістерін тиімді ұйымдастырып, күнделікті міндеттерді орындауға кететін уақытты қысқартуға мүмкіндік беретін құралдарды қарастырды.

Кездесуде сөйлеу дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Қатысушылар жаңа тақырыптық сөздік қорымен танысып қана қоймай, цифрлық сервистерді пайдалану тәжірибелерімен бөлісті, өзара ұсыныстарын айтып, ағылшын тілінде диалогтарға қатысты.

Қашан: 24 шілде, 18:30
Өткізілетін орны: IT-hub «Терриконовая долина», Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн / онлайн

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.
Оператор: «Терриконовая долина» IT-hub-ы; «Терриконовая долина» ЖШС.