Дәріс бағдарламасында келесі тақырыптар талданады:
- ЖШС мен ЖК арасындағы айырмашылық
- ЖК және ЖШС тіркеу алгоритмі
- тіркеуге дейін салық режимін таңдаудың маңыздылығы
- жеңілдетілген режимде жұмыс істеу ерекшеліктері
- ЖШС ашу үшін құжаттар пакеті.
Дәрісте қатысушылар бизнесті тіркеу және кейінгі міндеттемелер бойынша қадамдық әрекеттер туралы толық нұсқаулар мен түсініктерге ие болады. Сөз соңында спикермен "сұрақ-жауап" сессиясы өтеді.
Дәріс кәсіпкерлерге, стартаперлерге және бухгалтерлерге пайдалы болады.
Сілтеме бойынша тіркеле аласыз: https://terricon.kz/kz/business
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 18 мамыр, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.