Баспасөз-релиздері

Шақырылған спикер компания деректерін қалай қорғау керектігін айтады

Ұйымның ақпараттық қауіпсіздік жүйесі - бұл деректерді кездейсоқ немесе қасақана сипаттағы ұрлықтан немесе өзгерістерден қорғайтын құрал. 7 мамырда IT-хабта компанияда АҚ жүйесін қалай таңдауға және енгізуге болатындығы туралы дәріс өтеді. Қатысу тегін.

Іс-шараның спикері "Darwin TechLabs" ЖШС Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Динмухамед Джилкайдаров болады. Ол өз сөзінде ақпараттық қауіпсіздік стратегиясын, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік стандарттарын, процестерін, процедураларын және жүйелердің түрлерін қарастырады. Қатысушылар өз компаниясында АҚ жүйесін қалай енгізу керектігін және ұрлаудың ықтимал тәуекелдерін болдырмауды үйрене алады.

Дәріс АҚ мамандары мен менеджерлеріне, сондай-ақ бизнес иелеріне пайдалы болады. WebEx Meetings платформасы арқылы онлайн немесе офлайн қатысуға болады. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/infsec

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 7 мамыр, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.