Баспасөз-релиздері

IT-хабта FashionMode Hackathon өтеді

2026-03-20 08:48
27–29 наурыз аралығында IT-хабта FashionMode Hackathon – сән индустриясына арналған технологиялық шешімдер әзірлеуге бағытталған хакатон өтеді. Үш күн бойы қатысушылар тігін өндірісі процестерін оңтайландыруға және сән саласына жасанды интеллект енгізуге көмектесетін өнімдерді әзірлейді. Іс-шараның серіктесі – Avishu компаниясы.

Хакатон бағдарламасы екі практикалық кейс аясында құрылады. Бірінші кейс тігін өндірісін оңтайландыратын мобильді қосымша әзірлеуге арналған: қатысушыларға жұмыс процестерінің тиімділігін арттыратын шешімдер ұсыну қажет. Екінші кейс сәнге арналған AI-көмекшіні жасауға бағытталған, ол қолданушыларға трендтерді түсінуге, образ таңдауға және жеке стиль қалыптастыруға көмектеседі.

Жалпы жүлде қоры 1 000 000 теңгені құрайды. Әр кейс бойынша үш жүлделі орын қарастырылған, жеңімпаз командаларға ақшалай сыйақылар беріледі. Сондай-ақ қатысушылар нақты индустриялық тапсырмамен жұмыс істеу, сарапшылардан кері байланыс алу және өз шешімдерін бизнес өкілдеріне таныстыру мүмкіндігіне ие болады.

Іс-шараға әзірлеушілер, дизайнерлер, продакт-менеджерлер және технологиялық өнімдер мен сән индустриясына қызығушылық танытатын барлық адамдар қатыса алады. Қатысу тегін. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/hackathon

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 27-29 наурыз

Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12

Форматы: онлайн/офлайн