Баспасөз-релиздері

Финтех Неконференциясы Қарағанды қаласында өткізіледі

31 мамыр күні "Терриконовая долина" ІТ-хабында IT және digital мамандарына арналған нетворкинг-іс-шарасы - Неконференция өтеді. Бұл жолы іс-шара қаржы технологиялары саласына арналады. Практикалық тәжірибесі бар алты шақырылған спикер жеке тақырыптар бойынша дәрістер өткізеді және өз ұсыныстары мен түсініктерімен бөліседі.

№1 залда Tinkoff-тегі рroduct manager Даурен Мухамедиев, "Астана" Халықаралық қаржы орталығындағы Legal Consulting Community жеке компаниясының серіктесушісі және директоры Антон Дидикин және EPAM KZ-тегі Senior Business Analyst Владислав Трунев сөз сөйлейді. Даурен "Fintech-тегі продакттың ерекшелігі неде" тақырыбы бойынша дәріс оқыды, ол саладағы стратегияны жоспарлаудың айырмашылықтары және стейкхолдерлермен байланыс туралы айтады. Аа Антонның дәрісінің тақырыбы - "Инвесторлармен және шетелдік әріптестермен жұмыс істеуге арналған АХҚО құқық құралдары". Ол АХҚО ішіндегі ережелерді, коммерциялық дауларды шешуді және активтерді қорғауды толықтай талдайды. Владислав бизнес-талдаушыларға арналған техникалық сұхбаттардың негізгі аспектілерімен бөліседі.

№2 залдың спикерлері UI-дизайнер Сергей Калмаков, Wooppay-дегі COO PaaS Артем Тимофеев және Rocket Tech UXR Lead Виктор Купцов болады. Қатысушылар дизайн жүйесін, заманауи финтех командаларының мәдениетін және банктердің мобильді қосымшаларының Discovery UX дизайнындағы қателіктер туралы дәрістерді тыңдай аласыздар.

Дәрістен кейін Неконференцияға қатысқан барлық қатысушылар кофе-брейкке жиналып, бірлескен бастамалар құру үшін байланыс контактілермен алмасады.

Неконференция тегін өткізіледі. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/neconf

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 31 мамыр, 18:30
Өткізілетін орны: "Терриконовая долина" ІТ-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн/онлайн

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы;"Терриконовая долина" ЖШС.