Баспасөз-релиздері

Халықаралық нарыққа қалай шығуға болатыны жөнінде дәріс өтеді

2025-04-11 15:27
16 сәуірде технологиялық өнімдерді халықаралық нарыққа шығару тақырыбына арналған онлайн форматта дәріс өтеді. Спикер - Linguix.com компаниясының CEO-сы, өнімдер маркетингі саласындағы сарапшы, 10 жылдан астам жаһандық нарықтарда жұмыс тәжірибесі бар Александр Лашков болады. Ол кәсіпкерлермен өз тәжірибесі мен практикалық білімдерімен бөліспек.

Дәріс барысында спикер келесі маңызды мәселелерге тоқталады:өнімнің жергілікті нарық шеңберінен шығуға қаншалықты дайын екенін бағалау, шетелдік қолданушыларды тартудың алғашқы қадамдары, контент-стратегиялар мен аутричтен бастап PR және growth-hacking-ке дейін заманауи маркетинг құралдарын қолдану, сондай-ақ масштабтауға кедергі болатын жиі кездесетін қателіктер,

Бұл дәріс халықаралық деңгейде дамуды көздейтін кәсіпкерлер үшін нақты бағыт-бағдар болады. Сонымен қатар, жаһандық бәсекелестік жағдайында жаңа деңгейге көтерілуге қандай шешімдер көмектесетінін түсінуге мүмкіндік береді.

Іс-шараға стартап негізін қалаушылар, өнім менеджерлері, маркетологтар, халықаралық жобалармен жұмыс істейтін немесе бизнесін кеңейтуді жоспарлап жүрген адамдар шақырылады.

Қатысу тегін. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/business

Қашан: 16 сәуір
Форматы: онлайн
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС