Баспасөз-релиздері

IT-хабта лендинг құру бойынша оқыту курсы өтті

Кәсіпкерлердің өз компаниялары немесе стартаптары үшін лендингтің болғаны өте пайдалы, себебі ол аудиторияға ашық түрде ақпарат беруге, қажетті нәрелерін білуге,  және онлайн-өтінімдерді жинауға мүмкіндік береді. Михаил Ли екі күндік оқытуда Tilda платформасында сайтты қалай құруға болатындығы туралы айтып берді.

"Лендинг ұсынысты адамдарға "батырманы басу" арқылы ұсынған кезде пайдалы. Сіздің лендингіңізге кірген пайдаланушы үшін тиімді сценарий келесідей болуы керек: келді, түсінді, жасады. Яғни, сіз кімге және не сатқаныңызды нақты білсеңіз, лендинг пайдалы болады", - деп спикер түсіндірді.

Курстың бірінші күнінде Михаил лендинг деген не, оның мақсаттары қандай және оны жасау кезінде жиі кездесетін қателіктер қандай екенін анықтады. Ол бәсекелестерді, мақсатты аудиторияны және қандай ережелерді сақтау керектігін түсіндірді. Содан кейін сарапшы аудиторияға практикалық тапсырма беріп, қатысушылар лендинг үшін тапсырманы анықтап, қолданушыдан қандай әрекетті күтетіндерін ойластырып, болашақ бір беттік сайттың блоктарының жобасын сызуы керек еді.

Сондай-ақ қатысушылар Tilda-да лендинг құрудың әр кезеңі туралы егжей-тегжейлі айтып берді, ал Михаил қызметтің негізгі құралдары мен функцияларының жұмысын түсіндірді.

Оқудың екінші күні бәсекелестерді талдаудан басталды. Спикер қатысушыларға талдау кестесін берді, ол жерде бәсекелестердің күшті және әлсіз жақтарын, олардың құны мен негізгі қасиеттерін (аудиторияға арналған ұсыныстар) жазу қажет болды. Курс қатысушылары өз тауашаларына талдау жүргізді, содан кейін спикермен атқарылған жұмысты талдады.

Келесі тақырып Figma платформасында лендинг үшін жеке дизайн жасау мүмкіндіктері болды. Қатысушылармен бірге Михаил лендингтің макеттерін жасады, сонымен бірге қызметтің мүмкіндіктері мен құралдарын түсіндіріп өтті. Сондай-ақ сарапшы бірегей сауда ұсынысын қалай жасау керектігін түсіндірді және лендингке офер жазу үшін бірнеше формулаларын ұсынды. 

Оқу барысында қатысушылардың әрқайсысы алған білімдерін қолдана отырып, өз бизнесі үшін Tilda-да лендинг жасай алды. Курс соңында Михаил оқушылардың нәтижелерін тексеріп, бір беттен тұратын сайттарды жақсарту бойынша кеңестер берді.

Курсты жазылымын біздің youtube арнамыздан көруге қол жетімді: https://www.youtube.com/c/TerriconValley

Қашан: 16-17 шілде
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Операторы: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая Долина” ЖШС.