Баспасөз-релиздері

Спикер Agile және өнім тәсілдері туралы айтты

Әзірлеу барысында мамандар тапсырмаларды тиімді бөлуге және түпкі мақсатқа жетуге көмектесетін әртүрлі тәсілдерді қолданады. 28 шілде күні IT-хабта “Заманауи әзірлеудегі аgile және өнімдік тәсіл” тақырыбында онлайн-дәріс өтті, ол жерде жұмыстағы әдістердің қажеттіліктері мен артықшылықтары талданды.

Тақырыпты AgilePM.kz СЕО-сы Азат Тураров ұсынады. Алдымен сарапшы Agile туралы айтты: қандай тәсіл, қашан және не үшін қолдану керек, не себептен ол тез таралғандығын. Сондай-ақ Азат ақпараттық өріспен жұмыс істеу, идеяларды қалыптастыру және гипотезаларды тексеру, шешімді әзірлеу және тексеру сияқты кезеңдер туралы айтты. Мысалда спикер әзірлеудің әртүрлі тәсілдері қалай жұмыс істейтінін және олардың айырмашылықтары қандай екенін көрсетті. Соңында қатысушылар Азатқа комментарийлердің көмегімен өз сұрақтарын қоя алды.

Дәрістің видео жазбасы төмендегі сілтеме бойынша көурге қолжетімді: https://www.youtube.com/watch?v=wid0EdedYLg

Қашан: 28 шілде
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы
Алалыкин к., 12

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: “Терриконовая Долина” ІТ-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.