Баспасөз-релиздері

ІТ-хабта Финтех Неконференциясы қалай өтті

31 мамыр күні Қарағандыда айти-мамандарына және диджитал-мамандар үшін дәстүрлі Неконференция өтті. Ұйымдастырушылар 6 спикерді шақырды, олар саладағы жұмыс ерекшеліктері, команда құру және жұмыста қажет құралдарды талдау тақырыптарында баяндамаларын оқыды.

Бірінші залда Tinkoff-тегі Product manager Даурен Мухамедиевтің, АХҚО-да Legal Consulting Community СЕО-сы Антон Дидикиннің және EPAM KZ-тегі Senior Business Analyst Владислав Труневтің дәрістері өтті. Даурен финтехтегі өнім менеджерінің жұмысы туралы баяндады. Соның ішінде маманның міндеттері мен саланың ерекшеліктері туралы мысалдар келтіріп, айтып берді.
Антон АХҚО юрисдикциясының ерекшеліктерімен, АХҚО-да компанияларды құру тәсілдерімен бөлісті және қатысушы-компаниялар үшін салық режимі туралы айтты. Ал Владислав өз кезегінде бизнес-талдаушыларға арналған сұхбаттың негізгі аспектілері туралы айтты. Ол қатысушыларға бизнес-талдаушының не істейтінін, техникалық сұхбатта қандай дағдылардың кемшіліктері анықталуы мүмкін екенін түсіндіріп, өз ұсыныстарын берді.

Екінші залда Rocket Firm Group co-founder-і Олег Качалин, Wooppay-дағы COO PaaS Артем Тимофеев және Rocket Tech UXR Виктор Купцов баяндамаларын оқыды. Олег Rocket Tech компаниясының жергілікті агенттікті халықаралық финтех-серіктеске айналдыру кейсімен бөлісті.
Артем өзінің дәрісі аясында финтех командаларының корпоративтік мәдениеті туралы айтты: ол не себептен маңызды, командадағы көшбасшылықтың рөлі қандай және қатаң ережелер мен процестер әлемінде қалай жұмыс істеу керек. Виктор UX-ті бағалаудың "жылдам" тәсілдерін талдады. Спикер жұмыста қолдануға болатын зерттеу әдістері мен құралдары туралы айтты.
Барлық жазылымдар https://www.youtube.com/@TerriconValley/videos сілтемесі бойынша көруге қолжетімді.

Қашан: 31 мамыр
Өткізілген орны: "Терриконовая долина" ІТ-hub-ы
Алалыкин к., 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.
Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы;"Терриконовая долина" ЖШС.