Баспасөз-релиздері

"Инкубаторға" қатысушылар бизнесті дамыту үшін грант ұтып ала алады

Инкубатор - бұл жаңадан бастаушы кәсіпкерлерге бизнесті нөлден бастауға көмектесетін "Терриконовая Долинаның"  бағдарламасы. Жоба 25 шілде күні басталып және 8 аптаға созылады. Бұл уақыт аралығында шақырылған мамандар сатылымды бастамас бұрын команданы қажетті нәрселердің барлығына үйретеді.

Инкубаторға воркшоптар, тәжірибе алмасу, тәлімгерлермен жұмыс жасау және шақырылған трекерлерен кеңес беру кіреді. "Инкубатор" аяқталғаннан кейін сізде өнімнің жұмыс істейтін MVP-і, маркетингтік стратегия, бизнес-процестер және инвесторлар үшін презентация болады. Жұмыс үрдісіне қатысушылар келесі тақырыптарды зерттейді: бизнес идеяларды генерациялау, HADI циклдары, мақсатты аудитория және құнды ұсыныс, нарық пен бәсекелестерді талдау, MVP, Zerocoding, алғашқы клиенттерді іздеу, Customer Development, алғашқы сату, бюджетсіз маркетинг және стартап үшін мінсіз питч.

Финалда ұйымдастырушылар соңына дейін жететін командалар арасында 400 000 теңге сомасына бірден үш грантты сарапқа салады. Сондай-ақ қатысушыларда Яндекс Директ және Яндекс + серіктестерінен жүлделерді ұтып алу мүмкіндігі болады.

Қатысуға өтінімді https://terricon.kz/ru/incubator сілтемесі арқылы өтіп, қалдыруға болады.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 25 шілде - 18 қыркүйек
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС