Баспасөз-релиздері

Қарағандыда Teez спикерлерімен бірге Неконференция өтеді

2025-06-23 11:49
27 маусым күні “Терриконовая долина” IT-хабында ерекше форматтағы бейресми білім беру шарасы - Teez компаниясы мамандарының дәрістері мен кешкі фест бағдарламасын біріктіретін Неконференция өтеді. Қатысушыларды жанды музыка, дәмді көше тағамдары және еркін байланыс орнатуға арналған нетворкинг орта күтеді.

Іс-шара аясында Teez компаниясының әзірлеушілері, HR-мамандары және өнім менеджерлерінен құралған спикерлер командасы өз тәжірибелерімен бөлісіп, IT-индустриядағы өзекті мәселелерді талқылайды.

Teez компаниясының IT-инфрақұрылым директоры Константин Кучин дәріс барысында IT-инфрақұрылым ұғымына тереңірек үңіліп, Google Workspace-ті бизнесті цифрлық трансформациялаудағы тиімді құрал ретінде қарастырады. Flutter Techlead Кирилл Великанов “Flutter-қосымшаңызға не үшін әртүрлі «нұсқалар» қажет?” деген тақырыпты көтеріп, оларды құру жолдарымен таныстырады. Senior Mobile Developer Нариман Атаканов Flutter-дағы “аман қалу режимін” және әлсіз интернет жағдайында қолданбаларды бейімдеу мәселесін талдайды.

Өнім менеджері Алексей Кузьмичев маркетингтен продукт-менеджментке ауысу тәжірибесімен бөліседі. HR-менеджер Кристина Михалёва IT және e-commerce саласында фотографтар мен дизайнерлер сияқты креативті мамандарды іріктеу, портфолио бағалау және командалық ортаға бейімдеу жолдарын түсіндіреді. Дәрістік бөлімді PR-менеджер Адильжан Базилбеков аяқтайды. Ол “PR бастауында: Kaspi, WB және Ozon қасында қалай көзге түсуге болады?” тақырыбында Teez тәжірибесіне негізделген нақты кейсті ұсынады.

Дәрістік бағдарламадан кейін қатысушылар кешкі фестке қосылып, спикерлермен және әріптестерімен еркін форматта әңгімелесіп, күннің әсерін музыка мен дәмді тағам аясында жалғастыра алады.

Іс-шараға қатысу тегін. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/neconf

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 27 маусым, 18:30

Орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12

Форматы: офлайн / онлайн