Спикерлер жасанды интеллектінің практикалық қолдануын талқылады
2025-12-12 09:17
11 желтоқсанда IT-хаб Terricon Valley базасында «Қазақша AI митап» өтті. Іс-шара студенттерді, фрилансерлерді және стартап бастаған кәсіпкерлерді біріктіріп, жасанды интеллектіні практикалық қолдану мүмкіндіктеріне арналған.
Ербол Климов фрилансте AI құралдарын қолдану және жеке біліктілікті технологиялар арқылы масштабтау жолдарын көрсетті. Асемнур Бижанова ИИ негізіндегі стартаптарды іске қосуға назар аударып, идеяларды жылдам тестілеудің және дұрыс құралдарды таңдаудың маңызды екенін атап өтті.
Қатысушылар талқылау барысында ИИ бүгінгі күні фриланс тапсырыстарын алу, әзірлеуді жеделдету, процестерді автоматтандыру және минималды ресурстармен өнім шығаруға қалай көмектесетінін білді. Спикерлер нақты кейстер мен әдістерді бөлісіп, жасанды интеллектінің шағын командалар мен жеке мамандар үшін де толыққанды жұмыс серігі бола алатынын көрсетті.
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы. Операторы: “Терриконовая долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.