Баспасөз-релиздері

Спикер 3D модельдеу дағдыларын үйретті

3D модельдеу (үш өлшемді графика) – бұл техникамен және әртүрлі құралдармен бірге көлемді нысанды бейнелеуге көмектесетін компьютерлік графикадағы бөлім. 22 маусым күні IT-хабта "Халықаралық жарыстар мысалында 3D модельдеу" тақырыбында ағылшын тілінде оқыту өтті.

Спикер ретінде NU Shell Eco Marathon Team Leader Олжабаев Әділ сөз сөйледі. Ол 3D модельдерін жасау үшін SolidWorks бағдарламалық жасақтамасының қалай жұмыс істейтінін мысалмен көрсетті, оның функционалдығы мен басқа бағдарламаларға қарағанда артықшылықтарын көрсетті. Экраннан демонстрация арқылы қатысушылар нақты уақыт режимінде SolidWorks-те 3D модельдің жасалуын бақылап, бағдарламаның мүмкіндіктерін бағалай алды. Сондай-ақ, спикер Shell Eco Marathon-ға қатысу тәжірибесі туралы айтып, марафонға қатысуды жоспарлап отырғандармен кеңестерімен бөлісті.

Қашан: 22 маусым
Өткізілген орны:"Терриконовая долина" IT-hub-ы,
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы.