5 маусым күні “Терриконовая долина” IT-хабында өз мобильді қосымшасын жасауды армандайтындар үшін бірегей воркшоп өтеді. Қатысушылар SwiftUI, заманауи архитектура және навигация тәсілдерін қолдана отырып, Kaspi қосымшасының прототипін нөлден бастап жасап көреді.
Спикер - Богдан Шматов, Wooppay компаниясының тәжірибелі iOS-әзірлеушісі, өз білімімен және тәжірибесімен бөлісіп, неліктен Kaspi қосымшасы UX/UI тұрғысынан үздік үлгі саналатынын, сондай-ақ оны ыңғайлы, түсінікті және көркем ететін элементтерді жан-жақты түсіндіріп береді.
Қатысушылар: қосымшаның басты экраны қалай құрылатынын, карточкалардың анимациясы мен QR-төлемнің мини-режимі қалай іске асатынын, күрделі интерфейстерді қалай тез прототиптеуге болатынын нақты практикада үйренеді.
UI элементтері мен дизайнға ерекше назар аударылады:
компоненттердің өзара әрекеттесуі, таббардың құрылымы және экрандар арасындағы навигация қалай жүзеге асатыны егжей-тегжейлі талқыланады.
Барлық тапсырмалар реал уақыт режимінде орындалады. Сол себепті воркшопқа Figma, Xcode және SwiftUI орнатылған MacBook-пен келу қажет. Қатысу тегін. Тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.