Баспасөз-релиздері

“Терриконовая долина” жаңа “Акселератор” ағынын бастайды

“Терриконовая долмна” ІТ-хабы стартаптарды ерте сатысында қолдау мен дамытуға бағытталған акселерациялық бағдарламаның жаңа ағынының басталғанын хабарлайды. Бағдарлама 8 желтоқсанға дейін жалғасады және гибридті форматта, яғни офлайн және онлайн форматында өтеді.

Бағдарлама аясында командалар:

  • Трекерлермен және сарапшылармен жеке сессиялар. Тәжірибелі мамандар жобалардың әлсіз жақтарын анықтауға және оларды нығайту жолдарын табуға көмектеседі.
  • Стартаптарды дамытудың негізгі аспектілері бойынша воркшоптар. Қатысушылар маркетинг, қаржы, өнімді әзірлеу және тұтынушыларды тарту бойынша білімдерін кеңейтеді.
  • Ресурстар мен инфрақұрылымға қол жеткізу. Қатысушылар өз жобаларында жұмыс істеуге заманауи ІТ-хаб алаңдарын пайдалана алады.
  • Demo Day. Соңғы кезең әлеуетті инвесторлар мен серіктестер алдында стартаптардың презентациясы болады.

Қатысу бірегей ресурстар мен сараптамаға қолжетімділікті ашады, сондай-ақ инвестициялар алу және жаңа нарықтарға шығу үшін мүмкіндіктер жасайды. Бағдарлама тегін жүргізіледі, төмендегі сілтеме бойынша тіркелу жүргізіледі: https://terricon.kz/ru/accelerator

Қашан: 16 қыркүйек - 8 желтоқсан
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: онлайн/офлайн

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Оператор: “Терриконовая Долина” ІТ-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.