Баспасөз-релиздері

Тегін курста қатысушылар Telegram-бот әзірлеуді үйретті

"Терриконовая долина" ІТ-хабында Python-да Telegram бот әзірлеуді үйренгісі келетін жаңадан бастаған әзірлеушілер мен кәсіпкерлер үшін тегін оқыту өтті. Курс екі күнге созылды. Осы уақыт ішінде қатысушылар Nexus Pro компаниясының Middle Backend Developer-і Денис Ахметовтың басшылығымен теориядан бастап алған білімдерін тәжірибеде пысықтап үлгерді.

Өткізілген оқыту аясында сарапшы Python бағдарламалау тілімен жұмыс істеу бойынша қысқаша нұсқаулық өткізді. Ол әзірлеушілерге бағдарламалау тілмен жұмыс істеу үшін қажет теориялық құрамдас бөлігімен бөлісті: деректер түрлері, айнымалылар, тұрақтылар және экранға шығару және оларды қалай пайдалану керектігін нақты көрсетті. Сондай-ақ Денис Python-да кіріктірілген мүмкіндіктерді айтып, көрсетті.

Бағдарламаның екінші блогы Telegram-ботты әзірлеуге арналды. Спикердің көмегімен қатысушылар интерфейсті түсініп, алғашқы жеке ботты құру үшін алған дағдыларын сәтті қолдана алды. Курс соңында Денис студенттермен ұсыныстарымен бөлісті және қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Қашан: 9-10 желтоқсан
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС