Спикерлер ритейл-платформаларын жобалау туралы айтып береді
2024-07-11 13:44
17 шілде күні IT-хабта “Ритейл-платформалардың ауқымдылығы мен архитектурасына кіріспе” тақырыбында дәріс өтеді. Шақырылған спикерлер бөлшек сауда платформаларының жұмысы мен дизайнының негізгі принциптері туралы айтып, осындай бағдарламаларды құрудағы өз тәжірибелерімен бөліседі.
Тақырыпты Freedom Mobile-да Team Lead Freedom Mobile Бакыткали Сулеймен және enior Golang Developer Заманбек Турукбаев ұсынады. Олар өз сөзінде масштабталатын бөлшек сауда платформаларын жобалаудың тұжырымдамалары мен принциптерін атап өтеді, сонымен қатар ритейл-платформаларының маңыздылығы мен негізгі аспектілері туралы айтады.
IT-мамандықтарында оқып жүрген студенттерді және бағдарламашыларды қатысуға шақырамыз. Дәріске қатысу тегін, сілтеме бойынша тіркеле аласыз: https://terricon.kz/ru/it
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы. Оператор: “Терриконовая Долина” ІТ-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.