Ерлан Ашимов басқарушылық қасиеттері туралы дәріс өткізеді
2025-02-14 20:22
18 ақпан күні Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде кәсіпкер Ерлан Мукатаевич Ашимовтың дәрісі өтеді. Бірнеше табысты бизнестің иесі мен жетекшісі студенттерге заманауи менеджерге қажетті негізгі құзыреттер туралы айтып, өз тәжірибесімен бөлісіп, аудиторияның сұрақтарына жауап береді.
Менеджерлерге табысқа жетуге қандай қасиеттер көмектеседі? Жас мамандар көшбасшылық позицияларға қалай дайындалып, белгісіздік жағдайында шешім қабылдауға үйренеді? Осы және басқа сұрақтар алдағы дәрістің негізгі тақырыптары болады.
Кездесу аясында Ерлан Ашимов тиімді басқарудың үш негізгі аспектісін қозғайды: стратегиялық ойлау және бейімделу, командамен жұмыс, жауапкершілік және тәуекел. Оның ішінде спикер бизнесте болашақты қалай көруге және икемді болуға болатынын, көшбасшыны сенімді басшыға айналдыратынын және неге тәуекелсіз табысты компания құру мүмкін еместігін талдайды.
Қашан: 19 ақпан, 12:00 Өткізілетін орны: “Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті”, Академическая көшесі, 9; Форматы: офлайн - студенттерге / онлайн - барлық ниет білдірушілерге
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі. Оператор: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС.