27 мамыр күні ұйымдастырушылардан кезекті осындай іс-шарасы өтті. Шақырылған сарапшылар қатарында кәсіпкерлер, бизнес-коуч және киберқауіпсіздік жөніндегі маман болды.
MBS-consult бизнес-шеберлік мектебінің негізін қалаушы Виталий Макридин "Қаржы және капиталды тиімді басқару" тақырыбында сөз сөйледі. Ол пайда деген не және оны қалай арттыру керектігі туралы айтып берді, сондай-ақ қаржылық ақпаратты қарау әдісімен, инвестицияларды бағыттау тәсілдерімен және жобаның экономикалық тиімділігін қалай бағалау керектігімен бөлісті.
Әлеуметтік кәсіпкер және бизнес-коуч Медер Аматов жеке тиімділік тақырыбында дәріс өткізді. Ол өзіне шектеулер қоймау және стандартты емес ойлау сізді мақсатқа жетуге және жалқаулықты жеңуге қалай көмектесетінін айтып берді.
Тиімді кездесулердің иесі болу туралы "Wooppay"-ден келген Артем Нармагамбетов айтып берді. Спикер қатысушыларға командамен жемісті кездесулер өткізу және фасилитатордың қандай құралдары жұмыста пайдалы болуы мүмкін екендігі туралы кеңестер берді.
Ал киберқауіпсіздік бойынша маман Олжас Сатиев Қазақстанның практикалық киберқауіпсіздігі туралы өз дәрісі аясында жеке тасымалдаушыларды бұзудан қалай қорғау керектігі туралы лайфхактармен бөлісті және бұзу бойынша түсінікті болатындай бірнеше кейстерді қарастырды.
Қашан: 27 мамыр
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12
Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.
Ұйымдастырушы: “Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы”.
Оператор: “Терриконовая Долина” IT-hub-ы; “Терриконовая долина” ЖШС.