17 маусымда IT-hub «Терриконовая долинада» «Halyk Finservice» ЖШС-нің Backend Developer-і Рүстем Оспановтың «Неліктен soft skills – жаңа hard skill?» тақырыбындағы дәрісі өтті.
Кездесу барысында қатысушылар әзірлеушілерге тек орындаушы рөлінен шығып, компаниядағы үдерістердің толыққанды қатысушысына айналуға көмектесетін дағдыларды талқылады. Спикер жеке жауапкершілікке, бастамашылдыққа және міндетке тек өз жұмыс бөлігі тұрғысынан емес, кеңірек көзқараспен қарай білуге ерекше назар аударды.
Дәріс бүгінгі таңда кәсіби дамудың тек техникалық білімге ғана тәуелді емес екенін көрсетті. Қатысушылар коммуникация дағдыларын дамытуға, бизнеспен тиімді өзара әрекеттесуге және шешім қабылдау қабілеттерін жетілдіруге арналған практикалық ұсыныстар алды. Бұл құзыреттер бүгінде IT саласы мамандарының басты бәсекелестік артықшылықтарының біріне айналып келеді.
Өтетін күні: 17 маусым, 19:00
Өтетін орны: IT-hub «Терриконовая долина», Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн / онлайн
Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.