Баспасөз-релиздері

IT-хабта компанияның қаржылық жоспарлауы туралы дәріс өткізілді

Бизнестегі сауатты қаржылық жоспарлау кірісті ұлғайтуға және масштабтау бойынша ұзақ мерзімді мақсаттарды құруға, сондай-ақ дағдарыс пен кредиторлық берешекті болдырмауға мүмкіндік береді. 1 қараша күні "Жобаны немесе компанияны қаржылық жоспарлау" тақырыбында дәріс оқытылды, ол жерде стартап үшін капиталды қалай есептеу және жұмыс істеп тұрған бизнестегі ақша ағындарын бақылау туралы сөйлестік.

Дәріс спикері "Алгоритм" консалтингтік компаниясының директоры Тимур Рахимжанов болды. Дәрістің басында ол оқу материалымен бөлісіп, осыған сәйкес тақырып бойынша одан әрі жұмыс жалғасты. Тимур бизнестегі қаржыны дұрыс жоспарламаудың бірнеше мысалын келтіріп, соңында  қандай нәтижеге әкелуі мүмкін екенін айтты.

Сондай-ақ митапта компанияның даму кезеңдерін талдады. Спикер жобаның инвестициялық кезеңі қашан өтіп жатқанын, жобалық қуаттылық пен шаруашылық қызметке шығу қашан басталатынын айтты.

Нарық сыйымдылығы - бұл белгілі бір кезеңдегі белгілі бір жерде сіздің өніміңізге ықтимал сұраныс. Сыйымдылықты есептеудің негізі маркетингтік зерттеулер, келісімшарттар және сараптамалық пікір болып табылады. Тимур кірістің мөлшерін болжау үшін компаниядағы сату көлемінің болашақ мәндерін заттай және ақшалай түрде анықтап, олардың сыртқы орта жағдайларына байланысты қалай өзгеруі мүмкін екенін түсіну керек деп түсіндірді. Ол алынған мәліметтер негізінде кірістің болжамын қалай жасау керектігін, жобаның құнын қалай есептеу керектігін және инвестицияларды тарту керектігін түсіндірді.

Соңында сарапшы аудиторияға компанияның артық шығындарын анықтау үшін шығындар түрін анықтауға арналған жаттығу берді және шығындар қалай есептелетінін түсіндірді.

Митап жазбасы https://www.youtube.com/watch?v=vRga2AQiFsg  сілтемесі бойынша көруге қолжетімді. 

Қашан: 1 қараша
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".