Баспасөз-релиздері

Арман Жапаров IZI стартапының іске қосылуы туралы айтты

IZI - бұл ойын-сауық платформасы және ұялы байланысты біріктіретін қосымша. 23 қараша күні ІТ-хабта митапта осы жобаның негізін қалаушыларының бірі Арман Жапаров сөз сөйлеп, корпоративтік стартапты іске қосу бойынша тәжірибесі туралы айтып, басқа стартаперлермен кеңестерімен бөлісті.

Спикердің айтуынша, IZI-ді әзірлеу үшін 11 адамнан тұратын команда құрылды. MVP құруға барлығы 6 ай қажет болды. Өз тәжірибесіне сүйене отырып, Арман процестердің ашықтығын қамтамасыз етуді, процеске қатысушылардың үміттерін басқаруды және әр деңгейде: стейкхолдерлерде, командада және клиенттерде сенімділікке ие болуды ұсынды. Спикер әр топқа әсер ету құралдарын талдап, оларды қалай пайдалану керектігі туралы мысалдар келтірді.

Соңында Арман митап қатысушыларының сұрақтарына жауап берді және корпоративтік стартапты іске қосуды жоспарлап отырғандарға бірнеше ұсыныстар берді. Митап жазбасы https://www.youtube.com/watch?v=e3WYbdMeNSE сілтемесі бойынша көруге қолжетімді.

Қашан: 23 қараша
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы.
Операторы: "Терриконовая Долина" ІТ-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС