Баспасөз-релиздері

IT-хабта Agile әдістемесі бойынша екі күндік оқыту өтті

Agile - танымал Scrum, Kanban және т.б. әдістері әзірленген жобаларды басқарудың "икемді" идеялары мен принциптерінің жүйесі. 16 және 17 желтоқсан күндері ІТ-хабта курс өткізілді, ол жерде өз компаниянда құнды өнімді жасау үшін осы идеяларды қалай қолдану керектігі туралы айтылды.

Курстың шақырылған спикері Аксель+ CEO-сы Илья Китанин болды. Ол өз сөзін көрермендермен танысумен және таныстырудан бастады. Содан кейін спикер тақырыпты шолуға кірісті, соның ішінде Agile мен Waterfall арасындағы айырмашылық, жоба дегеніміз не және оның өнімнен айырмашылығы, өнім мен жобаны әзірлеу туралы айтты.

Курстың келесі кезеңі Scrum және Kanban әдістерін үйрену болды, сонымен қатар Kanban pizza ойынын қатысушылармен өткізді. Мұндай әдістерді қолданудың пайдасы туралы түсінік қалпыптасу үшін Илья жұмыс кейсін мысалға келтірді.

Оқытудың екінші күні Scrum негіздерін және оның рөлдері мен рәсімдерін, соның ішінде спринт жоспарлауды, скрам-митингісін және ретроспективаны шолудан басталды. Спикер Scrum принциптерінің іс жүзінде қалай жұмыс істейтіні туралы бірнеше мысалдар келтірді, сонымен қатар daily-ді қалай енгізу керектігін айтты және Lego Scrum ойынын өткізді.

Соңында Илья әзірлеушілердің дизайнерлерден қалай ерекшеленетінін және түсіністік пен бүкіл команда күткен нәтижеге жету үшін әзірлеушілермен қалай байланысу керек ойымен бөлісті.

Курстың жазбасы https://www.youtube.com/@TerriconValleyарнасында бойынша өтіп, көруге қолжетімді.

Қашан: 16-17 желтоқсан
Өткізілген орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Аталған іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен тегін өткізілді.

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС