Баспасөз-релиздері

Митапта IT-де алғашқы тәжірибені қалай алуға болатындығын айтылады

Университетті немесе біліктілікті арттыру курстарын бітірген соң, жаңадан бастаушы мамандар көп жағдайда жұмыс таба алмайды. Жұмыс берушілердің басты талабы  ол тәжірибенің болуы. 27 маусым күні IT-хабта митап өтеді, ол жерде түйіндемедегі алғашқы жолдарды қалай алуға болатындығы айтылады.

Іс-шараның спикері - Kolesa Group-та Frontend әзірлеу бөлімінің басшысы Вадим Манченко болады. Вадим осы салада 10 жылдан астам уақыттай жұмыс істейді және қатысушылармен өзінің білімі мен ұсыныстарымен бөлісуге дайын. Ол сізге жұмыс үшін алғашқы компанияны қалай таңдауға болатындығын, әзірлеудегі бағыттар мен олардың ерекшеліктері туралы және дұрыс тәжірибені қайдан алуға болатындығы туралы айтып береді. Сондай-ақ қатысушылар құзыреттілікті қалай дамыту керектігін және қандай алаңдарда бос жұмыс орындарын іздеу керектігін үйренеді.

Дәріс бөлімінен кейін спикермен бірге дәстүрлі  "сұрақ-жауап" сессиясы өтеді. Митаптың ең белсенді қатысушысы ұйымдастырушылардан сыйлық ретінде кітап алады.

Іс-шара IT-мамандықтарында оқитын студенттерге және бастаушы әзірлеушілерге пайдалы болады. Естеріңізге сала кетейік, сіз офлайн және онлайн форматында қатыса аласыз. https://terricon.kz/ru/it сілтемесі бойынша тіркеле аласыз. 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 27 маусым, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС