26–28 маусым аралығында MedTech Hackathon өтеді. Бұл – әзірлеушілерге, деректер талдаушыларына, жасанды интеллект мамандарына және денсаулық сақтау саласына арналған цифрлық шешімдерді әзірлеуге қызығушылық танытатын барлық қатысушыларға арналған үш күндік марафон. Іс-шараның серіктесі – Nomad Insurance.
Қатысушылар медициналық деректерді өңдеу және талдауға байланысты нақты міндеттермен жұмыс істейді. Хакатон аясында командалар клиника-серіктестердің прайс-парақтары архивтерін автоматты түрде өңдеуге арналған шешімдерді әзірлейді, сондай-ақ Қазақстандағы медициналық қызметтердің бағаларын салыстыруға арналған агрегатор жасайды. Ұсынылған кейстер медициналық қызметтер нарығының ашықтығын арттыруға және пайдаланушылардың өзекті ақпаратқа қолжетімділігін жеңілдетуге бағытталған.
Үш күн бойы қатысушылар өз жобаларын әзірлеп, тестілейді, сарапшылардан кеңес алып, қазылар алқасының алдында қорғайтын қорытынды шешімдерін дайындайды. Үздік командалар ақшалай сыйлықтарға ие болады. Әр кейс бойынша бірінші, екінші және үшінші орындарға тиісінше 250 000, 150 000 және 100 000 теңге көлемінде жүлде қарастырылған.
MedTech Hackathon тәжірибе алмасуға, жаңа идеяларды дамытуға және денсаулық сақтау мен сақтандыру салаларындағы үдерістердің тиімділігін арттыра алатын технологиялық өнімдерді жасауға арналған алаңға айналады. Қатысу тегін. Тіркелу сілтеме арқылы: https://terricon.kz/ru/hackathon
Іс-шара Қарағанды облысының цифрлық технологиялар басқармасының қолдауымен ұйымдастырылады.
Өтетін күні: 26–28 маусым
Өтетін орны: IT-hub «Терриконовая долина», Алалыкин көшесі, 12
Форматы: офлайн / онлайн