14 қарашада IT-хаб «Терриконовая долина» алаңында Freedom Cloud командасымен кездесу ұйымдастырылады – бұлттық жүйелер құру және олардың масштабталуы бойынша күнделікті жұмыс істейтін мамандар. Қатысушылар бұлттық экожүйеге көз жүгіртіп, Cloud Native, DevOps және сенімділік (отказоустойчивость)сияқты ұғымдардың артында не тұрғанын түсіне алады.
Бүгінгі таңда бұлттық технологиялар тек сәнді термин емес, заманауи цифрлық өнімдердің негізі болып отыр. Компаниялар инфрақұрылымды қалай құрады, ол шыңдық жүктемелерге төтеп бере ала ма? Time to market – өнімді нарыққа шығарудың жылдамдығы – неге басты бәсекелестік артықшылыққа айналуда? Және осы процессте әзірлеушілер, DevOps-инженерлер және жобалық менеджерлер қандай рөл атқарады – осы сұрақтарға Freedom Cloud сарапшылары жауап береді.
СТО Арман Нургалиев Cloud Native тәсілдерінің принциптері мен AWS қолдану арқылы бұлттық шешімдер құру тәжірибесін әңгімелейді. Питчтен кейін қатысушылар панельдік талқылауға қосылады, онда Эльнара Ханафиева (PM), Жанат Жетпысбаев (DevOps) және Аскар Досумбеков (Developer Relations) практикалық кейстерді бөлісіп, командалық өзара әрекет және тұрақты сервис құру әдістерін талқылайды.
Іс-шара ашық форматта өтеді: негізгі бөлімнен кейін қатысушылар сарапшыларға сұрақ қоя алады және нетворкинг барысында бейресми түрде пікір алмасады.
Кімге пайдалы: инженерлер, DevOps мамандары, архитектуралар, өнім менеджерлері, техлидтер. Қатысу тегін, тіркелу сілтемесі: https://terricon.kz/ru/it
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Қашан: 14 қараша, 19:00
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Форматы: онлайн/офлайн