Баспасөз-релиздері

Митапта айти маманына шетелдік клиенттерді қалай табуға болатындығы айтылады

Upwork.com-қашықтықтан жұмыс іздеу бойынша алаң, оның көмегімен IT-мамандар өздерінің алғашқы халықаралық тапсырыстарын ала алады. 12 қыркүйек күні IT-хабта "Upwork платформасы арқылы қызметтердің IT-экспорты" тақырыбында митап өтеді.

Шақырылған спикер - Yessen & Company басқарушы серіктесі Азат Есенов болады. Сарапшы 12 жыл бойы шетелдік FMCG-компаниялардың өкілдіктерінде жұмыс істеді, ал 6 жыл бұрын деректерді талдау және визуализациялау саласында өзінің консалтингтік бизнесін құрды. Митапта ол IT-экспортта 100 мың доллардан астам ақша табудың өзіндік мысалымен бөліседі.

Сондай-ақ қатысушылар Upwork тіркелу тәртібін, әртүрлі клиенттермен жұмыс істеу ережелерін, әр кезеңдегі клиентпен өзара әрекеттесу процесін: сату алдында, жұмыс кезінде және бірлескен жобалар аяқталғаннан кейін және мамандар үшін Soft skills маңыздылығын талдайды. Сонымен қатар Азат өз бизнесінің қалыптасу тарихын айтып береді: ол агенттікті серіктестерімен қалай құрды, пандемия жұмыс векторына қалай әсер етті және олардың компаниясының негізгі құндылықтары қандай болды.

Митап кірісті көбейтіп, жаңа жобаларда өздерін сынап көргісі келетін бастаушы IT-кәсіпкерлерге пайдалы болады. Қатысу тегін, https://terricon.kz/ru/it сілтемесі бойынша тіркелуге болады. 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 12 қыркүйек, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС