Баспасөз-релиздері

30 қыркүйекте ІТ & digital коммьюнити үшін мерейтойлық Неконференция өткізіледі!

Неконференция - бұл "Терриконовая Долинаның" айына бір рет ұйымдастыратын дәстүрлі іс-шара. Қатысушылар үшін бұл пікірлестермен танысу, болашақ бизнес-серіктестермен кездесу, тіпті жаңа бизнес ашу үшін шабыт пен ресурстар табу мүмкіндігі. 30 қыркүйек күні жиырмасыншы мерейтойлық Неконференция өтеді, оған бірден 5 спикер қатысады.

Іс-шара бағдарламасында: бизнес және әзірлеу тақырыбына дәрістер, ұйымдастырушылардан нетворкинг сессиясы және кофе-брейк болады. IT-хабта қатысушылар жұма кешін пайдалы өткізіп, жаңа таныстар таба алады.

Ыңғайлы болу үшін дәрістер екі залда: кәсіпкерлер мен IT-мамандары үшін бөлек өткізіледі.  Бизнес залында Х NET CEO-сы Сергей Яхонтов пен WOOPPAY негізін қалаушылардың бірі және "Терриконовая Долинаның" негізін қалаушы Александр Дорошенко және HR директор Зауре Акишева сөз сөйлейді. Сергей "Цифрландыруды неден бастау керек" тақырыбында дәріс өткізеді және осы процесте қалай ақша табуға болатындығы туралы кеңестерімен бөліседі. Александр сізге кәсіпкер ретінде қажетті дағдылар туралы және қай бағытта даму керектігі туралы айтып береді. Зауреден біз сәтті сұхбаттасу формуласын және әлеуетті жұмыс берушіге қалай ұнауды туралы кеңестерді білеміз.

Әзірлеу залының спикерлері: WeLoveFlutterFlow платформасының негізін қалаушы Диас Жумагалиев және  Rhinotales LLP СЕО-сы Артем Слесаренко болады. Диас No-code принципі кодтан гөрі не себептен жақсы екенін және бағдарламалау дағдыларынсыз толыққанды жобаны қалай жүзеге асыру керектігін айтып береді. Ал Артемнен біз әлемдік нарықта интерактивті ойынның іске қосылғаны және Global Shift-тің басты аспектілері туралы білеміз.

Сөз сөйлеу соңында спикерлердің әрқайсысы сыйлық ретінде кітап алатын ең белсенді қатысушыны таңдайды.

Неконференция тегін өткізіледі. Толыққанды кері байланыс  және нетворкингке қатысу үшін іс-шараға офлайн-форматта қатысуды ұсынамыз. Басқа қалалардан келген қатысушылар дәрістерді онлайн тыңдай алады.

https://terricon.kz/ru/neconf сілтемесі арқылы тіркеле аласыздар.

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 30 қыркүйек, 19:00
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС