Баспасөз-релиздері

"Терриконовая Долина" өнеркәсіптік технологиялар саласында Акселераторды іске қосады!

Акселератор - бұл бизнесті кеңейту және кірісті ұлғайту мақсатында кәсіпкерлерге арналған бағдарлама. Сегіз апта ішінде жоба қатысушылары логистика, басқару және маркетинг дағдыларын үйренеді, тәлімгерлермен жұмыс істейді және сарапшылармен кеңеседі. Бағдарлама 25 шілде күні басталады.

Жобаның серіктесі - сандық технологияларды енгізу жолында өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдау үшін экожүйені құрумен айналысатын Tech Garden автономды кластерлік қоры болады.

Акселератордың басты мақсаты - кәсіпкерлерге өз компанияларының табысын 10-15%-ға арттыруға көмектесу. Бұл үшін ұйымдастырушылар воркшоптар, шақырылған спикерлермен дәрістер және сарапшылармен консультациялар өткізеді.

Жобада жұмыс істеген уақытта қатысушылар Lean Startup, HADI циклдары, Customer Development, нарықты және бәсекелестерді талдау, өнім экономикасы, сатуды жүргізу, маркетингтік коммуникациялар сияқты тақырыптарды зерттейді. Бағдарлама қорытындысы бойынша әр команда нарықтық стратегия әзірлейді, қателіктерді анықтап, серіктестер мен клиенттер үшін презентациялар дайындайды.

Қатысушылар атқарылған жұмыстың нәтижелерін Демо-күні ұсынады. Бағдарламаның қазылар алқасы мүшелерінің арасында Яндекс Облако компаниясының өкілдері де болады. Олар үздік жобаларды таңдап, сіздің бизнесіңізді одан әрі дамытуға гранттар береді.

Акселераторға өнеркәсіптік технологиялар саласындағы шағын және орта бизнес субъектілері қатыса алады. Өтінімдерді https://terricon.kz/ru/accelerator сілтемесі бойынша қабылдаймыз. 

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 25 шілде - 18 қыркүйек
Өткізілетін орны: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы
Алалыкин көшесі, 12

Ұйымдастырушы: "Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы".
Операторы: "Терриконовая Долина" IT-hub-ы; "Терриконовая долина" ЖШС