Баспасөз-релиздері

IT-хab-та жобалық менеджмент саласындағы жаңадан бастаушыларға дәріс өтеді

13 қарашада IT-hub “Терриконовая долина”-да жобалық менеджмент саласында мансап бастауға арналған дәріс өтеді. Спикер – WOOPPAY компаниясында бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша техникалық директордың орынбасары Владислав Ладан.

Қатысушылар жобаларды басқару әлемінің ішкі құрылымымен танысып, IT-командалардағы менеджерлердің атқаратын негізгі міндеттерін білетін болады. Владислав Agile мен Waterfall сияқты танымал әдістемелерді түсіндіріп, стартап немесе ірі компания үшін ең тиімді тәсілді қалай таңдау керегін, командалармен жұмыс және тәуекелдерді басқару тәжірибесін бөліседі.

Дәріс студенттерге, жаңа бастаған мамандарға және IT-ге ауысуды ойлап жүргендерге пайдалы болады. Қатысушылар жобалық менеджердің кәсібі олардың мақсаттары мен күтулеріне қаншалықты сәйкес келетінін түсініп, PM, Scrum Master, Product Owner және Team Lead рөлдері туралы практикалық сұрақтарға жауап ала алады.

Қатысу тегін, тіркелу: https://terricon.kz/ru/it

Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының қолдауымен өткізіледі.

Қашан: 13 қараша, 19:00
Өткізілетін орны: “Терриконовая долина” IT-hub-ы, Алалыкин көшесі, 12
Формат: онлайн/офлайн